🔹 Digital Twin Development in Food Industry Using AI and IIoT — Ұлыбританиядағы My APA халықаралық бағдарламасы

📍 Ұлыбритания · 📅 2025 жылғы 16–26 маусым

2025 жылғы 16–26 маусымда зертхана командасы Ұлыбританияда өткен «Digital Twin Development in Food Industry Using AI and IIoT» (жасанды интеллект пен IIoT көмегімен тамақ өнеркәсібінде цифрлық егіздерді әзірлеу) халықаралық бағдарламасына қатысты. Сапарлар, семинарлар мен воркшоптардан тұратын бағдарламаны My APA – Academic and Professional Association ұйымдастырды.

🧭 Қатысушылар

Бағдарламаға қатысушы сертификаттарын алғандар:

  • Кунелбаев Мурат;
  • Амирханов Бауыржан;
  • Адилжанова Салтанат;
  • Амирханова Гульшат.

📚 Бағдарлама

Жасанды интеллект пен өнеркәсіптік заттар интернетін (IIoT) қолдана отырып тамақ өнеркәсібіне арналған цифрлық егіздерді әзірлеу бойынша сапарлар, семинарлар және воркшоптар. Сертификатта аталған серіктес университеттер: Loughborough University, University of Nottingham және University of Birmingham.