🌐 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: Болашақ индустриясы және цифрландыру
📅 2025 жылғы 23 сәуір 📍 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
👥 Қатысушылар: Қазақстан мен Түркия университеттерінің өкілдері, Siemens, Coursera компанияларының сарапшылары, сондай-ақ Digital Egiz Laboratory ғылыми командасы.
🎯 Іс-шараның мақсаты
Академия, индустрия және технологиялық стартаптар арасында цифрландыру, жасанды интеллект және өндірістік процестерге цифрлық егіздерді енгізу мәселелері бойынша сараптамалық диалог орнату.
📢 Басты баяндама тақырыптары:
- Digital Egiz System
Нысандарды нақты уақыт режимінде бақылау жүйесі - Tecnomatix Plant Simulation
Өндірісті цифрлық модельдеу арқылы оңтайландыру - Edge AI
«Кофеқайнатқышпен» сөйлесуден — өндірістегі ақылды көмекшілерге дейін - ЖЭК негізіндегі жылу жүйесі
Ферманың цифрлық егізін құруға арналған іргетас - Digital Twins & IoT
Біздің көзқарасымыз және негізгі қиындықтар - Өнеркәсіпті цифрландырудағы 3D-модельдеу
Күрделі нысандарды визуализациялау мен модельдеудің тәсілдері - Chamilo LMS
Цифрлық оқытуға арналған LMS-платформаның мүмкіндіктері - OpenTeams
Командалық жұмыс пен үйлестіруге арналған платформаға шолу - Mendix
No-code әзірлемеге кіріспе және өнеркәсіптік қосымшалар жасау
🧩 Біз не ұсындық:
Азық-түлік кәсіпорнының цифрлық егізі
Өндірістік нысандардан алынған нақты деректермен жұмыс істеу мысалдары
IIoT және нақты уақыттағы талдау сценарийлері
Mendix және Tecnomatix платформалары арқылы демонстрациялар
🏆 Нәтижелер:
Халықаралық серіктестермен байланыс орнатылды
Индустрия өкілдерінен ұсыныстар алынды
Онлайн курстар мен бірлескен зерттеулер аясында ынтымақтастық жоспарланды
📸 Галерея / Презентациялар