🔹 ICNGN 2024 — Зияткерлік есептеулер және келесі буын желілері бойынша 3-ші халықаралық конференция

📍 Бангкок, Тайланд · 📅 2024 жылғы 23–25 қараша

2024 жылғы 23–25 қарашада Бангкокта (Тайланд) зияткерлік есептеулер және келесі буын желілері бойынша 3-ші ICNGN 2024 (The 3rd International Conference on Intelligent Computing and Next Generation Networks) халықаралық конференциясы өтті. Конференция IEEE Communications Society қолдауымен бетпе-бет форматта өтті. Зертхана командасы цифрлық егіздер туралы екі постерлік баяндама ұсынды; екі мақала да IEEE Xplore-да жарияланды.

🎤 Команда баяндамалары

  • Амирханова Гульшат, Амирханов Бауыржан, Тюлепбердинова Гульнур, Ишмурзин Тимур — «Application of Machine Learning Algorithms in Digital Twin Monitoring Systems: An Overview of Approaches, Methods, and Prospects»: цифрлық егіздерге негізделген мониторинг жүйелерінде машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану — тәсілдерге, әдістерге және болашағына шолу. Постерді Тимур Ишмурзин ұсынды.
    📄 IEEE Xplore · DOI: 10.1109/ICNGN63705.2024.10871832
  • Кунелбаев Мурат, Амирханов Бауыржан, Зауранбек Мадияр, Abdulkhamit Nazargozha, Адилжанова Салтанат, Нұрғазы Томирис — «AI-Enabled Digital Twins: Soft Computing Methods for Industrial Data Mining»: ЖИ негізіндегі цифрлық егіздер — өнеркәсіптік деректерді зияткерлік талдауға арналған жұмсақ есептеулер әдістері. Постерді Мадияр Зауранбек ұсынды.
    📄 IEEE Xplore · DOI: 10.1109/ICNGN63705.2024.10871831

📚 Конференция тақырыптары

  • келесі буын желілері және байланыс жүйелері;
  • машиналық интеллекттің есептеу әдістері және ЖИ негізіндегі технологиялар;
  • машиналық интеллект, деректер және есептеу әдістері арқылы алынған ғылыми нәтижелер;
  • сигналдарды өңдеуге арналған есептеу технологиялары.

Толығырақ — IEEE ComSoc сайтындағы конференция бетінде.