🔹 Жазғы мектеп 2026 — Өндірістегі цифрлық егіз

📅 2026 жылғы 5–22 мамыр · 📍 Онлайн · ⏱ 72 академиялық сағат · 🎓 ЖИ және Big Data кафедрасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Бағдарлама туралы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жасанды интеллект және Big Data кафедрасының мамандандырылған OpenEgiz платформасы негізінде өнеркәсіптік кәсіпорынның цифрлық егізімен жұмыс істеудің толық цикліне арналған халықаралық жазғы мектебі. 11 күн ішінде қатысушылар платформаны өрістетуден бастап жабдықтың нақты деректерін, телеметрия мен 3D-визуализацияны біріктіретін интерактивті дашбордтар құруға дейінгі жолдан өтті.

Қатысушылар нені үйренді:

  • OpenEgiz платформасын өрістету және жұмыс ортасын ашу;
  • жабдықтың цифрлық нысандарын құру және баптау;
  • өндірістік нысандарды визуализациялау үшін 3D-сахналарды жүктеу және интеграциялау;
  • телеметрияның ағындық деректерін платформаға дұрыс жіберу;
  • түсетін деректерді 3D-модельдер мен нысандарға байланыстыру;
  • процестер мен жабдық күйін мониторингілеуге арналған интерактивті дашбордтар құру.

Оқыту нәтижесі:

Қатысушы цифрлық егіздер платформасын (серверде немесе жергілікті) өз бетінше өрістетіп, нысанның толық виртуалды көрінісін — жүйені іске қосудан дашбордтарда тірі деректерді көрсетуге дейін — жинай алады.

Бағдарлама және сабақтардың бейнежазбалары

1-күн. 1-бөлім

1-күн. 2-бөлім

2-күн

3-күн

4-күн

5-күн

6-күн

7-күн

8-күн

9-күн

10-күн

11-күн